
Қала көшелеріндегі жарнама тілін реттеу және нысан иелеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында басқарма қызметкерлері қоғамдық ұйым өкілдерімен бірлесіп, кезекті рейдке шықты. Анықталған заң бұзушылықтарды заңнама талаптарына сәйкестендіру бойынша ұсынымдар берілді.