Жол белгісінің мәтіні өзгертілді

Жол белгісінің мәтіні өзгертілді

Тілдерді дамыту басқармасының ықпалымен қоғам белсендісі С.Әбдіжәмидың ұсынысымен әлеуметтік желіге келіп түскен сұрауына орай Хромтау ауданы арқылы өтетін жол халықаралық тас жолға жататындықтан Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Автокөлік жолдары туралы» ұлттық стандартқа сәйкес, республикалық маңызы бар автожолдарда ақпарат екі тілде – қазақ және орыс тілдерінде берілуі тиіс. Ал халықаралық маңызы бар автожолдарда ақпарат қазақ және ағылшын тілдерінде жазылуы қажет. Осы орайда сіз көрсеткен жол нұсқаулығындағы бұған дейінгі ағылшын тілінде орфографиялық қате берілген ақпарат "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Ақтөбе облыстық филиалының тиісті жұмыстарынан соң дұрысталып қайта ілінді.Ресми түрде бекітілмеуіне байланысты жол белгілері мен нұсқағыштарын латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінде жазу уақытша тоқтап тұр.