Ардақты ағайын, құрметті жерлестер! Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ардақты ағайын, құрметті жерлестер! Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ардақты ағайын, құрметті жерлестер!
Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіздік – еліміздің ең қымбат қазынасы, халқымыздың еркіндігі мен бірлігінің нышаны. Бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде әлем таныған іргелі елге айналды. Тарихымыз бен мәдениетімізді әлемге таныту жолында, ұлттық құндылықтарымызды сақтау мен дамытуда біз көптеген жетістіктерге жеттік.
Тіл – ұлттың мақтанышы, халықтың рухы. Қазақстанның әрбір азаматы өз ана тілін құрметтеп, оның дамуына үлес қосуға тиіс. Біз өз тілімізді қадірлеп, оны болашақ ұрпаққа аманат етуге міндеттіміз. Тәуелсіздік жолындағы ең маңызды қадамдардың бірі – ана тілімізді өркендету, оны кеңінен қолдану, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу.
Тілдерді дамыту басқармасы ұлттың мәдени мұрасын сақтау, дамыту және насихаттау жолында әрдайым аянбай еңбек етуде. Алға қойған мақсаттарымызға бірлесіп жетерімізге сенімдімін!
Еліміз аман, халқымыз бақытты болсын! Тәуелсіз Қазақстанымыз тұғырлы, тіліміз мәңгілік болсын!
Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының басшысы А. Қонақбаев