
2024 жылғы 8 қараша күні облыс бойынша атаулары идеологиялық тұрғыдан ескірген елді мекен атауларын тарихи атауларымен қайта атау бойынша басқармада Қ.Жұбанов атындағы өңірлік университеттің топонимист, тарихшы, лингвист ғалымдарының қатысуымен кеңес болып өтті. Кеңесте ғалымдар елді мекендердің тарихи атаулары бойынша өз ойларын ортаға салып, ғылыми тұрғыдан сараптама берді.