“Халық қазынасы” байқауы сәтті аяқталды!

“Халық қазынасы” байқауы сәтті аяқталды!
Бүгін “СНПС-Ақтөбемұнайгаз” АҚ жанындағы “Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамының бастауыш ұйымы мен Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өткен “Халық қазынасы” байқауы өз мәресіне жетті.
Байқаудың басты мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және ұлттық бірегейлікті сақтауға үлес қосу болды. Қатысушылар өз шеберліктерін танытып, үш кезеңнен тұратын байқаудың барлық тапсырмаларын сәтті орындады. Бірінші тапсырмада қаламгерлердің шығармаларынан көрініс қойылса, екінші тапсырмада қатысушылар арнайы тақырыптарға бейнероликтер дайындап, ұсынды. Соңғы кезеңде қатысушылар “Тарих”, “Әдебиет”, “Музыка”, “География”, “Салт-дәстүр, әдет-ғұрып” бағыттарында өз білімдерін сынады.
Бұл байқауға Ақтөбе қаласындағы жоғары оқу орындарының жастары белсенді түрде қатысып, мемлекеттік тілді дамытуға және ұлттық құндылықтарды насихаттауға өз үлестерін қосты. Қатысушыларға және қолдау білдірген барша жандарға алғыс білдіреміз!