ЖАҺАНДАНУ КЕЗЕҢІНДЕГІ ТҮРКІ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЖАҺАНДАНУ КЕЗЕҢІНДЕГІ ТҮРКІ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
⚜️ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысымен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Астана қаласында Ә.Қайдар мен Р.Сыздықтың 100 жылдығына орай «Жаһандану кезеңіндегі түркі терминологиясы» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.
⚜️ Ғылыми басқосу Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Тілешовтің кіріспе сөзімен басталды. Ол түркі тілдерінің бірізді терминқорын жасау бұдан жүз жыл бұрын басталғанын алға тарта отырып, бұл мәселенің қазіргі таңда да маңызды, өзекті екендігін айтты.
⚜️ Жиынның алғашқы баяндамасын Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының ғылым жөніндегі вице-президенті, ҚРҰҒА академигі Шерубай Құрманбайұлы жасады. Ол түркі терминологиясын тіларалық біріздендіру мәселелеріне тоқталды.
⚜️ Ал Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректор өкілі, профессор Наджи Генч техникалық терминдер сөздігін әзірлеу әдістерімен бөлісті. Ол бекітілген терминді қолданысқа енгізуді мектеп оқулықтары мен балаларға арналған анимациялық фильмдерден бастау керектігін алға тартты.
⚜️ Халықаралық конференцияда ф.ғ.д, профессор Саялы Садықова (Әзербайжан), ф.ғ.д. Мұрадқасым Әбдиев (Өзбекстан), ф.ғ.д. Хусейн Йылдыз бен ф.ғ.д., доцент Абдулкадир Өзтүрк (Түркия), ф.ғ.д. Гүлназ Ягафарова (Уфа), ф.ғ.к. Ольга Галимова (Татарстан), профессор Исмайыл Қадіров (Қырғызстан) пен отандық ғалымдар түркі тілдеріндегі терминжасамның дамуы мен қазіргі үдерістері жайында баяндама жасады.
⚜️ Мазмұнды жиынға отандық және шетелдік ғалымдар, түркітанушылар, терминолог ғалымдар, Республикалық терминология комиссиясының мүшелері, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары, докторанттар мен магистранттар және мектеп мұғалімдері, орталық мемлекеттік органдардың жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, тіл жанашырлары қатысты.
Айта кетейік, конференция жұмысының қорытындысы ретінде электрондық жинақ әзірленіп, «Termincom.kz» сайтына орналастырылады