Өзге сайттардан өзгешелігі «
Atau.kz» порталы тек ономастикалық базамен ғана емес, сондай-ақ, ономастика саласына қатысты мол ғылыми мұрағатпен де толықтырылған. Аталған салағаға байланысты сайттың – «Ғылыми тәжірбиелік негіздері» деп аталатын айдарында ғылыми еңбектер топтамасы енгізілген. Сонымен қатар, сайттың дәл осы айдарында еліміздегі ономастика мәселелеріне қатысты ғылыми-зерттеу мақалалары топтастырылған.
Ұлттық ономастика – мемлекеттің мәдени-рухани танымынан бастап, шекарасының тұтастығына дейінгі ауқымдағы әртарапты орасан зор мәселелерді қамтиды. Ономастикалық электрондық қорды ашудың негізгі мақсаты – еліміздің өңірлеріндегі көше, елдімекен, мекемелер мен түрлі нысандарға берілген атауларды жинақтау арқылы қазақ ономастикасының біртұтас жүйесін жасау. Бұл электронды қор ономастика саласындағы қордаланған мәселелерді шешудің бір тетігі болады.