Республикалық семинар өткізілді

Республикалық семинар өткізілді

2024 жылғы 18 қазанда Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ-нің «Мәңгілік ел» залында «Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту және оның қоғамдағы рөлін арттыру мәселесі» тақырыбында республикалық семинар өткізілді.

Шара республикалық тіл басқармалары мен тілдерді оқыту орталықтары арасында тіл саясаты бойынша тәжірибе алмасу семинары форматында өтті. Іс-шараны Ақтөбе облысының әкімдігі және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті ұйымдастырды.

Семинар барысында Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. «Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары аясындағы тілдік кемсітушіліктің алдын алу және мемлекеттік тілдің дамуын ынталандыру мәселелері талқыланды.

Шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің, өңірлердегі тілдерді дамытуға жауапты бөлімдердің, тілдерді оқыту орталықтарының, Ақтөбе облысының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің, құқық қорғау органдарының, адвокаттар алқасының, нотариалдық палатасының, «Қазақ тілі қоғамы» ұйымының өкілдері, белсенді жастар мен этнос өкілдері қатысты.

 Іс-шарада тілдік кемсітушілікті болдырмау жөнінде нақты шаралар мен әдістемелік ұсынымдар ұсынылды; – Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген кәсіби құзырлы азаматтарды анықтау және қолдау көрсетілді; – Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған іс-шаралар насихатталды; – «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының құқықтық нормалары туралы түсініктемелер берілді; – Өңірлік тілдерді дамыту басқармалары мен тілдерді дамыту бөлімдері қызметкерлерінің тәжірибе алмасуы жүзеге асты.