Акция өз мәресіне жетті

Акция өз мәресіне жетті
⚜️ 11 қазан күні Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «JasAqtobe-2022» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Көркем тіл – көрікті жарнама» жобасының қорытынды отырысы өтті.
📍 Шараға облысымыздағы кәсіптік нысан басшыларымен қатар Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының маманы А.Нұрбаева және тіл жанашырлары мен мамандары қатысты. Қоғамдық қор өкілі Г.Кабиева акция аясындағы іс-шаралар бойынша есеп беріп, жоба барысы туралы егжей-тегжейлі баяндады. Кейін қатысушылар мен басқарма маманы А.Нұрбаева сөз сөйлеп, мұндай жобалардың өткізілуі алдағы уақытта да өзектілігін жоғалтпайтынына сенімділігін білдірді.
📍 Қорытынды отырыс соңында «Көркем тіл – көрікті жарнама» акциясының үздіктері арнайы сертификаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды:
🎗️ «Мемлекеттік тілде үздік қызмет көрсетуші» номинациясы - «Sarqyt» мейрамханасы (Ақтөбе қ.);
🎗️ «Ең үздік аударма» номинациясы - «AlgaMegaCom» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (Алға қ.);
🎗️ «Тіл жанашыры» номинациясы - «LifeDecor» баспаханасы (Ақтөбе қ.);
🎗️ «Қырағы көз» номинациясы - «Шебер» құрылыс гипермаркеті (Ақтөбе қ.).