Сауда үйлеріндегі түсіндіру жұмыстары

Сауда үйлеріндегі түсіндіру жұмыстары
  • Түрлі киімдер мен аяқ киімдер, тұрмысқа қажет бұйымдар мен косметикалық өнімдер, аксессуарлар мен тамақтану орындарын біз бір ғана сауда орталығынан таба аламыз. Мұндай жерде ең танымал брендтер мен сапалы өнімдерді кездестіреміз. Сондықтан да халық көп шоғырланады және оларға қызмет көрсететін кәсіби объектілер де көп.

    Осы себепті «JasAqtobe-2022» қоғамдық қоры өкілдері тіл жанашырларымен бірге Тілдерді дамыту басқармасының «Көркем тіл – көрікті жарнама» акциясы аясында «CITY Shopping Center» сауда орталығына барып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    📍 Акция қатысушылары сауда орталығының қабаттарын мұқият аралап шығып, көрнекі ақпараттарымен танысты. Қор өкілдері орталық әкімшілігімен танысып, акция қамтитын мәселелер төңірегінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Әкімшіліктерге алдағы уақытта түбіртектерді және тұтынушыларға ұсынатын мәзірлерді мемлекеттік тілде ұсынуға ескерту жасалды.

    #көркемтіл
    @aqtobe_tilder