Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының қызметкерлері жұмыс сапарымен Хромтау ауданына барды.
Аудан орталығы Хромтау қаласында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе Тіл туралы заңның 21-бабы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Түсіндіру жұмыстары барысында қаладағы кәсіпкерлік нысандардың басым бөлігінің көрнекі ақпарат мәтіндері тек орыс тілінде ілінгені анықталды.
Қателіктер анықталған нысан иелеріне жаднамалар табысталып, заң талаптары түсіндірілді.