Конституция күні

Конституция күні

 Біз  еліміздің маңызды мерекесі – Конституция күнін атап өтеміз.! Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, Тәуке ханның "Жеті жарғысынан кейінгі ата-заңымыз– біздің ұлттық бірлігіміз бен тұрақтылығымыздың кепілі. Конституция – елдің саяси, экономикалық және құқықтық құрылымын анықтайтын ең жоғарғы заңнамалық акт болып табылады. Ата-заңымыз қоғамдық тәртіпті қалыптастырып, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайды. Конституция күнімен баршаңызды құттықтаймын! Бағыт-бағдарымыз түзеу, егемендігіміз берік, Елдігіміз биік болсын!