Басқарма қызметкерлері Әбілқайыр хан даңғылы және Маресьев көшесі бойындағы бірқатар кәсіпкерлік нысандарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Түсіндіру жұмыстары барысында көрнекі ақпаратты орналастыруда заң талаптарын орындамай отырған кәсіпкерлік нысандардың басшылығына басқарма басшысының атынан ресми хат пен жадынамалар табысталды.
Тұрғындардың өтініші негізінде жарнамалық мәтіндерінде қателіктер анықталған "Тесто" асханасы бір ай ішінде ақпараттарын мемлекеттік тілге аударып, қайта ілетін болды.