23-маусым мемлекеттік қызметшілер күніне орай басқармада 20 жылға жуық уақыт қызмет атқарған "Ономастикалық жұмыстар және талдау бөлімінің" басшысы Әбиева Бақтыгүл Ботайқызы мен "Тілдерді дамыту және үйлестіру жұмыстары бөлімінің басшысы Жанасова Маржан Алғабекқызы облыс әкімі Асхат Берлешұлының атынан алғыс хатқа ие болды. Басқарма ұжымы да қадірлі әріптестеріміздің мемлекеттік тіл саясаты саласындағы өлшеусіз еңбегін ескере отырып, әрқашан да абырой биігінде болуына тілектестік білдіреді.