Алға ауданындағы түсіндіру жұмыстары

Алға ауданындағы түсіндіру жұмыстары
Тілдерді дамыту басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясындағы жобасы
«КӨРКЕМ ТІЛ – КӨРІКТІ ЖАРНАМА»
Мемлекеттік тілдің бәсекеге қабілеттілігін одан әрі нығайтуда маңызды рөл атқаратын көрнекі ақпарат пен жарнама мәтіндерін заң талаптарына сай бірізділікті үйлестіру және қоғамдық бақылауды одан әрі күшейту,облыс және қала аумағындағы көрнекі ақпараттар мен жарнамаларды Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының талаптарына сәйкестендіру мақсатында. «Көркем тіл – көрікті жарнама» атты облыстық акциясы өткізілуде.
📌Осы орайда кезекті акция Алға ауданында жалғасын тапты. Акцияға “JasAqtobe2022” қоғамдық қорының басшысы Кабиев Асқар, “JasAqtobe2022” қоғамдық қорының үйлестірушісі Базарбай Әсел, тіл маманы Данияр Бауыржанұлы, қоғам белсендісі Ділназ Аманбайқызы мен “Алға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі”ММ бас маманы Венера Құдайбергенқызы қатысты.
📌Нәтижесінде 20 шағын, орта, ірі кәсіп орындар араланып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.