Түсіндіру акциясы Ырғыз ауданында

Түсіндіру акциясы Ырғыз ауданында
“Көркем тіл- көрікті жарнама” облыстық акциясы Ырғыз ауданында жалғасын тапты.
Акцияға Ырғыз ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысының міндетін атқарушы АЙТҚҰЛОВ Қайрат Қуанышұлы, бөлімнің жетекші маманы ӘБІЛҚАЙЫР Бауыржан Әбдуәлиұлы, Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамының Ақтөбе облысы, Ырғыз аудандық филиалының төрағасы ӘБЕНОВ Қасымхан Жоланұлы, “JasAqtobe2022” қоғамдық қорының өкілі Әсел Расулқызы, Қоғам белсендісі Ақбаян Галламқызы қатысты.
📌 Жобанын негізгі мақсаты шағын және орта бизнес өкілдеріне сыртқы көрнекі ақпарат (жарнама) құралдарын әзірлеу барысында мәтіндерінің сауатты жазылуына, орналасуына әдістемелік көмек көрсету, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңының талаптарын түсіндіру және Қазақстан Республикасының Тіл саясатын насихаттау болып табылады.
Акция барысында 15 кәсіп орын араланды.