
Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында “Көркем тіл-көрікті жарнама” акциясы Шалқар ауданында жалғасты. Акцияға «JasAqtobe2022» қоғамдық қорының үйлестірушісі Базарбай Әсел Расулқызы және “Шалқар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі”ММ бас маманы Үмбетов Жанболат Толыбайұлы, Қалықбаев Нұрдәулет Мұханбеткерімұлы Шалқар ауданының білім бөлімінің әдіскері және қоғам белсендісі Бупежан Ақбаян Галламқызы қатысты.
Акция барысында 20 дан астам кәсіпорын араланып, кәсіпорын иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді.