Хромтау ауданындағы түсіндіру жұмыстары

Хромтау ауданындағы түсіндіру жұмыстары
📍 Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «JasAqtobe-2022» қоғамдық қорының үйлестірушісі Базарбай Әсел және “Хромтау аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі”ММ
бас маманы Каримов Данияр,
қоғам белсендісі Кумарова Аймира,
“Хромтау аудандық кәсіпкерлік бөлімі” ММ жетекші маманы Сатбаева Жамалдың қатысуымен “Көркем тіл-көрікті жарнама" акциясы Хромтау ауданында өтті.
📌 Жобаның негізгі мақсаты - шағын және орта бизнес өкілдеріне сыртқы көрнекі ақпарат (жарнама) құралдарын әзірлеу барысында мәтіндерінің сауатты жазылуына, орналасуына әдістемелік көмек көрсету, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңының талаптарын түсіндіру және Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік Тіл саясатын насихаттау болып табылады.