Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында «Әкімшілік сот ісін жүргізудегі мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге Ақтөбе облысы Тілдерді дамыту және үлестіру бөлімінің басшысы М.Ж Алғабекқызы және Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Ж.У Адилкызы қатысты.

Сот жүйесінің өкілдері әкімшілік сот ісін жүргізуде туындайтын мәселелерді қозғап, сотқа қазақ тілінде берілетін әкімшілік талап қоюлардың
санын арттыру жөнінде тілек білдірді.

Ақтөбе облысы тілдерді дамыту және үлестіру бөлімінің басшысы М.Ж Алғабекқызы облыс бойынша қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту бойынша атқарылып жатырған іс-шаралар жөнінде баяндама жасады.

Шара соңында қатысушылар ой-пікірлерімен алмасты.