Мемлекеттік тілдегі құжат айналымның өзекті мәселелері талқыланды

Мемлекеттік тілдегі құжат айналымның  өзекті мәселелері талқыланды
Мемлекеттік тілдегі құжат айналымның
өзекті мәселелері талқыланды
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тілдегі құжат айналым үлесін арттырудың өзекті мәселелері» атты онлайн-семинар өтті.
Семинар жұмысына еліміздегі барлық ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың мемлекеттік тілді дамыту және құжат айналымына жауапты тұлғалары қатысты.
Семинардың күн тәртібінде 2023 жылғы құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесіне жүргізілген мониторинг қорытындысы талқыланды және ұлттық компаниялардың тәжірибесі зерделенді.
Тіл саясаты комитеті «Нормабақылау» пилоттық жобасын таныстырды. «Нормабақылау» – бұлтты құжат айналым бизнес процесінде құжат тілін қадағалауды енгізу арқылы құжат айналымдағы мемлекеттік тілдің үлесін арттыру функциясы.
Сонымен қатар, семинарда «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ, «KEGOC» АҚ, "Электрондық қаржы орталығы" АҚ, «Қазақстан инжиниринг» АҚ, «Қазпошта» ҰК» АҚ және «Ақтау теңіз сауда порты» ұлттық компаниясы» АҚ өкілдері өз тәжірибелерімен бөлісіп, нақты бастамаларын көрсетті.
Семинар соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, әдістемелік құралдар үлестірілді.