Әйел құқығы мен балалардың қауіпсіздігіне қатысты заңдар

Әйел құқығы мен балалардың қауіпсіздігіне қатысты заңдар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған әйелдердің құқығы мен балалардың қауіпсіздігіне қатысты заңдар ресми жарияланғаннан кейін, 60 күн өткенде күшіне енеді. Яғни 2024 жылдың 16 маусымынан қолданыста болады. Ал кейбір нормалар 2025 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енбек. Бұл жайлы атаулы құжатта жазылған.

«Неке және отбасы», Қылмыстық және Еңбек кодекстеріне өзгеріс енгізілген.

Неке және отбасы туралы заң

Өзгерістерге сәйкес мемлекеттік отбасы саясаты саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік отбасы саясатын қалыптастыруға басшылықты және сала аралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган ретінде танылады. Мұндай орталықтар дәстүрлі отбасылық құныдылықтарды дәріптеуге, неке және отбасы, әке, ана және бала институтын нығайту бағытында жұмыстар жүргізеді. Отбасын қолдау орталықтары халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың шешімімен аудандарда және қала аудандарында құрылады.

Мұндай орталықтар мемлекеттік отбасы саясатын жүзеге асыра отырып, неке мен отбасын сақтау, отбасылық жанжалдарды шешу сынды мәселелермен айналысады. Сондай-ақ өмiрлiк қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасына) қолдау көрсету бойынша жұмысты үйлестiреді. Атап айтқанда, тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдарға бір айға дейін уақытша тұру мүмкіндігімен қатар психологиялық қолдау көрсетіледі.

«Отбасын қолдау орталықтарын қаржыландыру бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады», – делінген құжатта.

Сонымен бірге отбасы мәселелері, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау бойынша көмек көрсететін «111» байланыс орталығының қызметі осы заң негізінде реттелмек. «111» байланыс орталығы  – ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, отбасы мәселелері, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі ақпараттық-анықтамалық, ұйымдастырушылық, психологиялық қызмет функцияларын жүзеге асыратын заңды тұлға саналады.

Жалпы алғанда «Неке және отбасы» туралы заңда осындай орталықтың негізгі функциялары айқындалған. Сонымен бірге осы өзгерістерге орай Еңбек кодексіне де өзгеріс енгізіледі. Оған сәйкес жұмыс беруші қызметкерге тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдарда болған кезеңінде оған жалақысы сақталмайтын, бірақ күнтізбелік 30 күннен аспайтын демалыс беруге міндетті. Сонымен бірге жалақысы сақталмайтын демалыс қызметкерге оның ұзақтығы көрсетілген жазбаша хабарлама және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шарттың көшірмесін ұсыну негізінде берілмек.

Қылмыстық кодекске қандай өзгеріс енеді?