
К.Нокин көшесіндегі кәсіпкерлік нысандарға қалалық сәулет-құрылыс, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе тіл туралы заңнама талаптарын түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Көше бойындағы бірқатар кәсіпкерлік нысанның деректемелер мен көрнекі ақпарат мәтіндері заң талаптарына сәйкес келмейтіндігі анықталып, нысан иелеріне басқарма басшысының атынан заң талаптары түсіндірілген ресми хаттар мен жадынамалар табысталды. Нысан иелері өз кезегінде қателіктерді түзету бойынша жұмыстар жүргізетінін жеткізді.