Басқарма қызметкерлері 2024 жылғы 2 мамыр күні «Цифрал ЦТО» ЖШС-нің кеңсесінде жауапты тұлғаға тұрғыннан "Е-өтініш " АЖ келіп түскен өтінішпен таныстыру және тіл туралы заңнама талаптарын түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Түсіндіру жұмыстары барысында аталмыш кәсіпорынның ресми сайтымен қоса, кассаның жоғарғы бөлігінде ілінген «Ақылды үй» маңдайшасы да тек бір орыс тілінде екендігі анықталды.
Кәсіп иесіне анықталған қателіктерді тіл туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік тілге ауыстыру қажеттілігі жөнінде ескерту хаты жіберілді.