Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен ономастика саласы бойынша мәселелерді ортаға салу, ой бөлісу, пікір алмасу мақсатында Түркістан қаласында "Ұлттық ономастика: ізденіс пен тәжірибе" республикалық семинары өткізілуде.
Семинарға басқарма басшысы А.Қонақбаев, ономастикалық жұмыстар және талдау бөлімінің басшысы Б.Әбиева және бас маман А.Садықова қатысып, өңірдегі атау беру және қайта атау жұмыстары жөнінде баяндап, басқа облыстағы әріптестермен тәжірибе алмасуда.