QAZTEST жүйесі бойынша тестілеудің соңғы күні сертификаттық тестілеумен қорытындыланды!

Басқармаға бағынысты тілдерді оқыту орталығының базасында ұйымдастырылған тестілеу жұмыстарына банк қызметкерлері, Назарбаев зияткерлік мектебінің оқытушылары, Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің қызметкерлері мен М.Оспанов атындағы БҚМУ оқытушылық құрамы жалпы саны 31 адам қатысты.

Сертификаттық тестілеу -
Қазақ тілін білу деңгейі бірінші кезеңнің нәтижесіне сәйкес тыңдалым, лексика-грамматикалық құрылым,
оқылым және жазылым бөліктері бойынша бағаланады.
Әр сөйлеу әрекетінің түрі бойынша дұрыс жауаптың үлесі 60%-дан жоғары болу керек.