Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Ақтөбе қалалық ұйымының төрағасы.

Қай заманда болмасын ұлт тағдыры мемлекет болашағы туралы дана көсемдеріміз бен атақты би - шешендеріміз, ел басқарған әлем танып мойындаған, қоғам қайраткерлері «Ел тағдыры – ер тағдыры»деген тұста халықты бірлікке, туыстыққа, жауапкершілікке, бірлесуге шақырады. Қазақстан Респуликасының Президенті
Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты Үндеуін оқи отырып, осындай ойға келдім. Қазақ елінің Тәуелсіздік жылдарынан бастап, соңғы бес жылдың ішінде жаңа жағдай, жаңа міндеттер, жаңа мүмкіндіктер мен үміттер енді сарабдал жауапкершіліктің, атқарған істермен қатар, атқаратын істердің және жауапкершіліктің маңызы артқанын көрсетіп отыр. Қазақстан Респуликасының Президенті Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың әр кездегі сөздері, саяси мәні зор мақалалары арқылы біз еліміздің аз уақыттың ішінде қандай тарихи жетістіктерге және қандай дәрежеге жеткенін білеміз, дүниедегі өзгерістер мен сын-қатерлерге қалай дайын болудың, оларға лайықты жауап берудің жолдарын көрсетіп келеді. Су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты Үндеуінде « Жағдай өте күрделі болса да, біз қиындықты міндетті түрде еңсереміз, барлығын қалпына келтіреміз. Ең бастысы – азаматтардың амандығы.Тасқын судан зардап шеккен азаматтарға айтарым, мемлекет бірде-бір адамды ескерусіз қалдырмайды. Баршаңызға қаржылық және басқа да көмек беріледі. Материалдық шығындар толық өтеледі»,- деп атап көрсетті. Яғни, Жаңа Қазақстан , адал – адам - адал еңбек бәрі де қоғамға қажет, бұл - қоғам дамуындағы айқын жол екндігін, оның қиындықсыз жүзеге аспайтындығын тағы бір дәлелдеп отыр.

Жалғасы:


