Мемлекет басшынының Қазақстан халқына үндеуі

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты үндеу жариялады.
«Су тасқынына байланысты
еліміздің он аймағында төтенше жағдай жарияланды, яғни Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай,
Павлодар, Солтүстік Қазақстан
және Ұлытау облыстарында.
Құтқарушыларға, тәртіп
сақшыларына, волонтерлерге
және апатпен күресуге атсалысып жатқан барша жұртқа алғысымды айтамын», - деді мемлекет басшысы.
Су - тілсіз жау. Бұл тасқынды тежеу оңай болмай тұр. Құтқарушылар, полицейлер, әскерилер, дәрігерлер, ерікті жандар тұрғындарды, жануарларды құтқаруда батылдық танытты. Өңірдегі жанашыр азаматтар, еліміздің өзге аймақтары көмек қолын созуда.