
Тұрғындардың жедел желіге түскен өтініші бойынша "Мега-Арзан" дүкені мен "Светафор" дүкендер желісінде басқарма қызметкерлері тіл туралы заң талаптарын түсіндірді. Анықталғандай заңға қайшы көрнекі ақпараттардың мемлекеттік тілдегі нұсқасы әзірленіп, баспаға тапсырысқа беріліпті. Одан бөлек Н.Шайкенов және Әз-Наурыз көшелері бойындағы 3 сұлулық салоны, 2 телефон жабдықтарын сататын дүкен 2 тіл үйрету орталықтарында да түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, кәсіп иелеріне әдістемелік көмек көрсетілді!