ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды⚜Қол қою рәсімі барысында министр Саясат Нұрбек пен қоғам президенті Рауан Кенжеханұлы өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын атап өтті. Қазақ тілін цифрландыруға және ғылымда ілгерілетуге баса назар аудара отырып, Тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыруға ерекше назар аударылды.