Қазтест Хабарлама

Қазтест Хабарлама

2024 жылдың сәуір айының 15-17 күндері Ақтөбе қаласында QAZTEST жүйесі бойынша диагностикалық және сертификаттық тестілеу (сертификаттық тест: А1, В1 деңгейлері) ұйымдастырылады. Сертификаттық тест тапсыру үшін «Болашақ» халықаралық бағдарламасы, ҚР жоғары оқу орындарының докторантурасына түсуге үміткерлер, Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлер, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясына түсушілер, Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқытушылары және басқа да ниет білдірген жеке тұлғалар өтінім бере алады.

Тестілеу орны мен уақыты туралы ақпарат қосымша хабарланады.

Анықтама үшін мына байланыс нөмірлеріне хабарласуға болады.                                     87132-46-75-01, 8705-480-18-73, 8707-730-39-92