
Басқарма басшысы Амангелді Құрманғазыұлы мемлекеттік тілді насихаттау, оның қолданылу аясын кеңейтіп, мәртебесін арттыру мақсатында түрлі жобалар дайындап келген облысымыздың жастарын қабылдады.
Студент жастар қазақ тілі, қазіргі қаламгерлер туындылары, кітапсүйер қауым, қазақша жарнама сынды өзекті мәселелерге қатысты проблемаларды атап көрсетіп, олардың оң шешім табуы үшін ұсыныстарын білдіріп, нақты жоспарларын ұсынды. Басқарма басшысы мен басқарма қызметкерлері бұл жақсы бастамаларын бір ауыздан құптап, келешекте олардың іске асуына көмектесуге ниет білдірді. Алдағы уақытта кездесу барысында талқыланған жобалар бойынша нақты жұмыстар жүргізілуі үшін шығармашылық топқа бағыт-бағдар берілді. Жасынан еліне деген сүйіспеншілікпен өнер-білім жолына түскен, елінің ертеңі үшін өз үлесін қосуға талапты намысшыл жастар - болашағымызды қалыптастыратын тұлғалар болмақ. Мұндай жастардың үніне тек құлақ асып қана қоймай, қолдай білуіміз де керек.
Ақтөбе облыстық тілдерді дамыту басқармасы жастармен жұмыс жасауға қашан да ашық әрі дайын.