
Ақтөбе облыстық тілдерді дамыту басқармасы Ақтөбе қаласының 155 жылдық мерейтойына орай облыс жастары арасында қашықтан ұйымдастырылатын «Ақтөбе, саған ғашықпын!» атты онлайн байқау жариялайды!
Байқауға 16-25 жас аралығындағы облыс жастары 3 түрлі номинацияның біреуін ғана таңдап қатыса алады. Олар: «Үздік өлең», «Үздік эссе», «Үздік фотосурет».
Қатысушылар «Ақтөбе, саған ғашықпын!» атты тақырыпта өздерінің жұмыстарын 8 705 480 1873 номеріне Telegram желісі арқылы жібереді. Қабылданған жұмыстар басқарманың инста-парақшасында #menAqtóbelikpin #Aqtóbetilbasqarmasy #Quttymekenge155jyl хэштегімен салынады. Жеңімпаздар арнайы сайланған қазылар алқасының шешімі бойынша анықталады.
Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар қарастырылған.
Байқау туралы қосымша ақпарат пен жұмыстарға қойылатын талаптар алдағы посттарда жарияланады.