💥 НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА БАЙҚАУ НӘТИЖЕСІН ҰСЫНАМЫЗ!

💥 НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА БАЙҚАУ НӘТИЖЕСІН ҰСЫНАМЫЗ!
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА БАЙҚАУ НӘТИЖЕСІН ҰСЫНАМЫЗ!
📚 «БІР КІТАП - БІР ӘЛЕМ» атты қашықтан ұйымдастырылған байқауымыз өз мәресіне жетті. Бұл шараның арқасында облысымыздың жастарының кітап оқуға деген құштарлығы мен махаббаты айтарлықтай деңгейде екенін байқадық. Пайдалы кітаптарын ұсынып, тыңдарманға ой салған, жаңаны үйренуге ынтасын ашқан барша қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!
Жеңімпазды анықтауда ең бірінші байқау талаптары ескерілді: қатысушының негізгі сұраққа жауап бере алуы, кітаптың пайдасын жан-жақты жеткізе алуы, жүйелі сөз сөйлеуі, сөйлеу мәдениетін сақтауы мен видеороликтің сапалылығы.
ЕСКЕРТУ: 10 үздік қатысушыны анықтауда екі қатысушының жұмысы тең түсіп, үздіктер қатарына ілінуі талас тудырған жағдай орын алмады. Сондықтан жиналған лайк, комментарийлер санын есептеу қажеттілігі туындамады.
Алдағы уақытта жеңімпаздарды марапаттау мен сыйлықтарды табыстау рәсімі өткізілетін болады. Нақты уақыты мен өткізілетін орны алдағы уақытта жарияланады. Сондықтан, парақшамызды жоғалтып алмаңыздар!✨