
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі векторы - халықтың әртүрлі топтары арасында жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыру жолымен, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады.«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі-Заң) 18-бабының 2-тармағына сәйкес, мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, қоғамдық бірлестіктер, сондай-ақ, өзге де жеке және заңды тұлғалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілері болып табылады. Бұдан басқа, Заңның 22-бабында жоғарыда аталған адамдардың өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүргізу, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша шаралар қабылдау (қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту жөніндегі қызмет) міндеті бекітілген. Жоғарыда айтылғандардың негізінде басқарма басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбында қызметкерлермен жиын өткізді. Жиын барысында кәсіби қарым-қатынастарда, іскерлік салада сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау қажеттілігіне баса назар аударылды.