2024 жылғы 18 қаңтарда Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы мен Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Меморандум мақсаты – облысымыздағы кәсіпкерлікті дамыту саласында мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейту, оның бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру, тіл туралы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, көрнекі ақпарат пен жарнама саласындағы мәтін сауаттылығын сақтауда ынтымақтастық қалыптастыру және мемлекеттік тілді үйренуге ынталы мекеме қызметкерлері мен кәсіпкерлерге тегін тіл үйрету курстарын ұйымдастыру болып табылады.