Бүгін басқарма басшысы А.Қонақбаев басқарма қызметкерлері және тілдерді оқыту орталығы директорының қатысуымен орталықтың 2023 жылғы жасалынған жұмыстарының есебі бойынша жиын өткізді. Орталық директоры К.Хакімғалиқызы ақтөбеліктерді тегін мемлекеттік және ағылшын тілі курстарымен сапалы қамтамасыз ету жұмыстары туралы баяндап, 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспарымен таныстырды.
"Тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының 3 бағыты- тіл үйрету әдістемесін жетілдіру бағытында көзделген индикаторға тілдерді оқыту орталығында тіл үйрету курстарында қамтылған ересек тұрғындар санымен қол жеткізіледі. Осы ретте тілдерді үйрету курсы Ақтөбе қаласы мен орыс тілді орта қалыптасқан Хромтау, Қарғалы, Мәртөк аудандарында жүзеге асырылып келеді.
Орталықтың жоспарлы іс-шаралар кешенін басқарма қызметкерлері бірге талқылап, орталыққа оңтайлы ұсыныстар берілді.