“ТАҒЫЛЫМ” айдары
ТҰЛЫМ ҚОЮ-қазақ кішкентай қыздарға тұлым қояды. Кішкене қыздардың шашын ұстарамен айнадай етіп қырады да, екі шекесіне екі шөкім шаш қалдырады. оны қазақ “тұлым” деп атайды.
Қазақ тұлымды ырымдап қояды. Бірі-қызымыз сұлу, сымбатты көрінеді,енді бірі тұлым тұмарша орнына жүреді деп біледі. Бала келе жатқанда “тұлымды қыз келе жатыр” деп еркелетеді.Тұлымға маржан тас қосып өреді.Онысы-тіл мен көзден сақтасын дегені.