“Қанаттылар” инклюзивті театрының шығармашылық қойылымы

“Қанаттылар” инклюзивті театрының шығармашылық қойылымы
Ақтөбе облыстық тілдерді дамыту басқармасының мамандары мен Тілдерді оқыту орталығы қызметкерлері Т.Ахтанов драма театрында “Қанаттылар” инклюзивті театрының өмірдің түрлі соқпағында адасқан адамдардың өкініші мен таза махаббатты қастерлеуді, қадірлеуді насихаттайтын “Өмір ғайып” қойылымына барды.
Қойылымға облыс басшысы Асхат Берлешұлы қатысып, гастрольдік сапарын Ақтөбеден бастаған “Қанаттылар” театрына алғыс білдіріп, қолдау көрсетті.
"Қанаттылар" инклюзивті театрында өз тағдырын қабылдай білетін әрі сүйетін сахна арқылы өзгелерге де бақыт сыйлай алатынын, шынайы өнерін жан тәнімен бөлісе алатын ерекше жандар өнер көрсетеді.
“Қанаттылар” инклюзивті театрына шығармашылық толағай табыстар тілейміз! @qanattylar_theatre