Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының қызметкерлері қоғамдық даму орталығы ұйымдастырған "Ұшқыр ой" зияткерлік сайысына қатыстып, жүлделі 3-орынды иеленді.
Сайыстың мақсаты: "Рухани жаңғыру" қағидаттарына негізделген, танымдық қабілет пен ақыл-ойды қалыптастыруға бағыттау және ұлттық, тарихи, мәдени құндылықтарды дәріптеу.Сайыс өлкетану, әдет-ғұрып, қазақстан тарихы, шешендік жұмбақтар және мақал-мәтелдерді жалғастыру секілді 5 кезеңнен тұрды. Шара соңында барлық қатысушыларға сертификаттар мен күнделіктер табысталды.