Тіл туралы заңның 21 бабы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Тіл туралы заңның 21 бабы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Сәңкібай батыр даңғылындағы кәсіпкерлік нысандарға тіл туралы заңның 21 бабы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Осы ретте автоқосалқы бөлшектер сататын, көлік құралдарын жөндейтін жеке кәсіп иелерінің тұрғындарға арналған көрнекі ақпараттары тек ресми тілде ілінгені анықталды.Қателік анықталған нысандарға ақпараттық көмек беріліп, алдағы уақытта заңнама талаптары бойынша мемлекеттік тілде жұмыс жасау ұсынылды.