Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен «Көрнекі ақпарат: мәселе мен шешім» атты семинар-кеңес болып өтті

Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен «Көрнекі ақпарат: мәселе мен шешім» атты семинар-кеңес болып өтті
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен «Көрнекі ақпарат: мәселе мен шешім» атты семинар-кеңес болып өтті. Семинар кеңестің күн тәртібінде кәсіпкерлік субъектілерінің көрнекi ақпаратты тіл заңнамаларының талаптарына сәйкес орналастыруын қамтамасыз ету жөнінде кейбір өңірлер өз тәжірибелерімен бөлісті.
Тіл саясаты комитеті тарапынан «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен (келісім бойынша) және БАҚ өкілдерімен, блогерлермен бірлесіп кәсіпкерлік субъектілерінің деректемелер мен көрнекi ақпаратты тіл заңнамаларының талаптарына сәйкес орналастыруын қамтамасыз ету үшін бір жылда өңірдегі барлық кәсіпкерлерді қамтитын көлемді түсіндіру іс-шараларын ұйымдастыру ұсынылды.