
Басқарма қызметкерлері облыстық ономастика комиссиясының мүшелерімен, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, мемлекеттік кірістер департаменттері қызметкерлерімен, тіл жанашырларымен, "Қазақстан-Ақтөбе" телеарнасымен бірге Әбілқайыр хан даңғылы бойындағы ірі кәсіпкерлік нысандарда тіл туралы заңнама талаптарының орындалуына мониторинг жұмыстарын жүргізді. Қала тұрғындарына қызмет көрсететін «Sulpak», «Technodom.kz», "Анвар" секілді ірі сауда орындарының маңдайша жазуларын көрсетілетін қызметіне орай анықтамасымен қоса жазу, тауар сипаттамаларының, баға көрсеткіштерінің, ақпараттардың тіл туралы заңның 21-бабына сәйкес орналасуын басты назарда ұстау ұсынылды.