"Автопарк" ЖШС-мен тіл туралы заңнама талаптары аясындағы жұмыстар жалғасын табады

"Автопарк" ЖШС-мен  тіл туралы заңнама талаптары аясындағы жұмыстар жалғасын табады

Басқарма Басшысы А.Қонақбаев "Автопарк" ЖШС директоры А.Тілеулесовпен іскерлік кездесу өткізді. Кездесу барысында қоғамдық көліктердегі көрнекі ақпараттың тіл туралы заңнама талаптары бойынша сәйкестендірілу жұмыстары туралы айтылды. Сондай-ақ, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке баулу , ұлтымыз бен тілімізді құрметтеуге шақыру мақсатында қала ішіндегі автобустарға бабалардан қалған ұлағатты сөздер мен қазақтың ақын-жазушыларының қанатты сөздерін орналастыру жалғасын табатын болды.