Қасиетті жұмада руханияттың маңызды саласы – әдебиеттің дамуына ат салысып жүрген өңіріміздегі Жазушылар Одағы мүшелерімен кездесу ұйымдастырылды. Жалпы Жазушылар Одағы – халқымыздың мәдени өмірінің дамуына, моральдық және рухани құндылықтардың нығая түсуіне, жастар тәрбиесіне зор үлес қосып отырған іргелі ұжым және еліміздің медиа кеңістігінен де өз орнын алып отыр.
Аталмыш кездесуде әдебиет пен руханиятқа қатысты жақсы ұсыныс-пікірлер, келелі ой қозғалды. Ұлттық сананы жаңғырту ісіндегі әдебиеттің көкейтесті мәселелерін шешу жолында ұтымды ұсыныстар ортаға салынды.