Ақтөбе облысының Тілдерді дамыту басқармасының қызметкерлері Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңының 21 бабын түсіндіру бойынша Әбілқайыр хан даңғылы бойындағы ірі сауда орындарына кезекті түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Атап айтқанда «Техноdom», «Sulpak», « Grazie», «EuroMebel» сынды сауда орындарының маңдайшасына тіл туралы заңнама талаптарына сәйкес қызметін сипаттайтын анықтамасын қосып жазу ұсынылды (мысалы тұрмыстық техника дүкендері желісі және аяқ киім дүкені). Аталған Кәсіпкерлік нысандарының көрнекі ақпарат мәтіндері, таратпа материалдары және маңдайшаларындағы атауы Астана қаласында орналасқан бас кеңсесімен тікелей мақұлданып, ілінетіндігі бас кеңседен нақты талап болған жағдайда өзгертіліп, алдағы уақытта басқармамен тығыз ақпараттық байланыс орнатуға ықыласты екендігі анықталды.
Сонымен бірге «Нұрдәулет» сауда үйінің аумағында орналасқан «Тапчан» асханасындағы ресми тілдегі ақпарат түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде 1 апта көлемінде мемлекеттік тілде қайта ілінетін болды.