«Көрнекі ақпарат тілі: тәжірибе және өзекті мәселелер» атты семинар-кеңес болып өтті.

«Көрнекі ақпарат тілі: тәжірибе және өзекті мәселелер» атты семинар-кеңес болып өтті.
Ағымдағы жылдың 9 қарашасы күні Ақтөбе қаласы әкімдігінде шағын және орта кәсіпкерлік субъект иелеріне, жарнама агенттіктеріне, кәсіпкерлік нысан басшыларына арналған «Көрнекі ақпарат тілі: тәжірибе және өзекті мәселелер» атты семинар-кеңес болып өтті.
Семинардың мақсаты: Қала аумағында орналасқан кәсіпкерлік нысандарда маңдайша жазуларының, көрнекі ақпарат мәтіндерінің, жарнамалық ақпараттардың Қазақстан Республикасы тіл туралы заңының талаптарына сәйкес орналастыру.
Семинар барысында қала әкімдігі тарапынан кәсіпкерлік нысан иелеріне жыл соңына дейінгі мерзімде заңнама талаптарына сай келмейтін көрнекі ақпараттарды түзету ұсынылды. Талап орындалмаған жағдайда ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 75-бабына сәйкес шара қолданылатындығы ескертілді.