
Басқарма басшысы А.Қонақбаев тілдерді оқыту орталығының жұмысымен танысты. Орталық директоры К.Серғазина оқыту процесінің жүргізілу барысы туралы баяндап, материалдық-техникалық базаны, оқытуға арналған цифрландырылған ақпараттық жүйелерді көрсетті. Басқарма басшысы мемлекеттік тілді оқыту курстарына ниет білдірушілердің, әсіресе мемлекеттік тілді меңгеруге құлшыныс танытқан өзге ұлт өкілдерінің санын ұлғайту жолдарын қарастыру, оқытудың нәтижелілігіне баса назар аудару туралы тапсырма берді. Сонымен қатар, іс-шаралардың 2023 жылға құрылған жоспарға сәйкес орындалуы пысықталып, келер жылға нақты міндеттер жүктелді.