
«Қазақ тілі» қоғамы тәуелсіздігіміздің басты кепілі – мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеруге қызмет ететін бірден бір қоғамдық ұйым. Осы ретте Халықаралық Қазақ тілі қоғамының президенті Р.Кенжеханұлы басқарма басшысы А.Қонақбаевтың қабылдауында болды. Кездесу барасында тіл саясатын іске асыру бағытындағы жұмыстар талқыланып, Р.Кенжеханұлы тарапынан мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту жөніндегі бірқатар жобалар таныстырылды. Атап айтқанда Қазақстанның барлық өңірлерінде «Абай» мектептерін ашу және мемлекеттік тілді оқытуды балабақшадан, мектептен бастау қажет деген қағидаға сүйене отырып, облыстық білім басқармасымен бірлескен қазақ тілінің оқытушылары арасында тілдік олимпиада ұйымдастыру туралы ұсыныстар оң қабылданып, басқарма тарапынан өңірде тиісті жұмыстар жүргізілетіні жеткізілді.