
Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқарамасы тұрғындардың өтініші бойынша "Family park" балаларға арналған отбасылық ойын-сауық орталығында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Көтерілген мәселеге сәйкес, аниматорлармен жүргізілетін көңілді ойын-сауық бағдарламалары тұтынушылардың қалауына сәйкес мемлекеттік және ресми түрде жүргізілетіні анықталып, көрнекі ақпарат құралдарының орналасу реті заңнама талаптарына сәйкестендірілетін болды. Ойын-сауық орталығының негізінен ресми түрде жүргізілетін инстаграмм парақшасында жақын арада мемлекеттік тілдегі ақпараттар жарияланатын болады. Өтініш бойынша түзетуді қажет ететін жұмыстар басқарманың басты назарында.