Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігі ұйымдастырған «Qazaqstan Project Management AWARDS - 2023» жобалық басқару жөніндегі Ұлттық конкурс - мемлекеттік органдардың және жобалау қызметіне басқа да қатысушылардың жобалық жетілуін айқындау құралдарының бірі болып табылады.
Осы байқауға Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының бас маманы Мырза Малика Серікқызының «Söile&Say» қазақша сөйлесу клубы авторлық жобасы ұсынылған болатын. Аталмыш жоба республика бойынша ұсынылған 181 жобаның ішінен үздіктер қатарынан көрініп, қола жүлдеге ие болды!
Осындай ұлттық жобалар мемлекеттік тілде ұсынылса, оның ішінде мемлекеттік тіл саясатын оң нәтижелі жүргізуде қызмет атқарса, еліміздің еңсесі биік, егемендігіміз берік болмақ.
Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының бас маманы, қазіргі таңда ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистранты, әріптесіміз Малика Серікқызының нәтижелі бастамасына сәттілік тілеп, жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!!!